
Қазіргі таңда Алла Ильчунның түпкі тамыры қазақ екендігі мәлім болуда. Оның фотосуреттері жылдар бойы француздар мен шетел газеттері және заманауи журналдардың беттерінен түспейтін. Диор қайтыс болғаннан кейін оны жас Ив Сен-Лоран де мойындаған еді.
Жалпы алғанда Алланың модельдік жолы 20 жылға созылды. Оның экзотикалық келбеті көрермендерді баурап, журналистердің назарын аударатын. Ал оның киген көйлектерін танымал актрисалар мен аристократия өкілдері сатып алатын. Алла Ильчунды «Шығыс інжуі», «Диордың сүйікті моделі» және модельерге халықаралық жетістік әкелген оның «музасы» деп атаған еді. Ал Christian Dior парфюмериясы әлемдегі сатылу көлемі бойынша төртінші орында тұр.
4 ақпан күні Ұлттық академиялық кітапханада «Dior музасы. Алла Ильчунның тарихы» Сән әлемін бағындырған тамыры қазақ бойжеткен» атты кітаптың тұсаукесері өтеді. Кітап авторы – «Франциядағы қазақстандықтар қауымдастығының» негізін қалаушы Берлин Иришев.