Қазақстан • 03 Сәуір, 2019

Telegram мессенджерінде «Bala QORGAÝ» желісі ашылды

1565 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тарапынан Telegram мессенджерінде «Bala QORGAÝ» (Бала Қорғау) чат-каналы қолданысқа енді.

Telegram мессенджерінде «Bala QORGAÝ» желісі ашылды

Аталған министрліктің Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, чатты ашудың мақсаты кәмелеттік жасқа толмаған балаларға құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, сондай-ақ педагогтардың әдепке жатпайтын мінез-құлық фактілері бойынша хабарламаларды анықтау.

Егер жоғарыда көрсетілген фактілер туралы белгілі болса, облыс, аудан, ауыл, білім беру ұйымының атауы көрсете отырып, аталған чатқа ақпаратты жіберуге болады.

Аталған сілтемелер ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тарапынан шұғыл шаралар қабылдау үшін құзыретті органдарға жіберілетін болады.

Чат-каналға қосылу үшін Telegram қосымшасының браузерінде «bala_qorgau» деп көрсету керек.

 

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025