Руханият • 05 Сәуір, 2019

«Ақ шағала» республикалық хореография фестивалі өтті

1195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру аясында Алматы қаласы Білім басқармасы және №3 Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен Оқушылар сарайында «Ақ шағала» республикалық хореография фестиваль-байқауының қалалық кезеңі өтті.

«Ақ шағала» республикалық хореография фестивалі өтті

Оқушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тұлғаның дамуына бағытталған жүйелі және мақсатты түрдегі әрекеттерді қолдауға, өскелең ұрпақты ар-ождан және мәдени құндылықтарға баулуға негізделген,  қазақ халқының және өзге этностардың би мәдениетін жаңғыртуға, қазіргі өнер ортасында халық дәстүрін сақтауға, би тарихын білуге, балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеуге, ұлттық мәдениет пен халықтың салт-дәстүріне құрметпен қарауды үйретуге бағытталған «Ақ шағала» республикалық хореография фестиваль-байқауы өнерпаз бишілердің ерекше өнерлерімен толықты. Сахна көркін қыздарған мың бұралған бишілер би өнерінің кереметін қимыл арқылы білдіріп, ерекше реңктегі образдар өзінің тартымдылығымен, көркем бейнесімен көпшілікті тәнті етті.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше