фото: haberler.com
«Сыртқы істер министрлігі 2026 жылғы 31 наурызда Фатих ауданында Қазақстан Республикасы азаматы қатысқан оқиға туралы хабардар. Қазіргі таңда Түркия Республикасы компетентті органдары қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Ыстанбұлдағы ҚР Бас консулдығы қаза тапқан азаматтың туыстарына қажетті қолдау көрсетіп отыр. Мәселе бақылауда», деп хабарлады СІМ.
Haberler мәліметіне сүйенсек, 31 наурызда сағат 16:30 шамасында Ыстанбұлдың Фатих ауданында белгісіз біреу Қазақстан азаматы, жеке логистика компаниясында жұмыс істеген Ариф Исмаиловқа оқ атқан. Қазақстан азаматы ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болды.
Ыстанбұл полициясы 1 сәуірде қазақстандықты өлтірді деген күдіктілерді ұстағанын хабарлады. Олар Грузия азаматтары болып шыққан және шекарадан тыс қашпақ болған.