Қоғам • Бүгін, 19:41

Қазақстанда әуе таксиіне арналған алты порт салынады

1 мин
оқу үшін

ҚР Көлік министрлігі мәліметенші тұжырымдама мен дизайнды итальяндық компания әзірлейді. Қазақстанда әуе таксиі үшін алты вертипорт салу жоспарлануда, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда әуе таксиіне арналған алты порт салынады

Қазіргі уақытта итальяндық компания әуе такси үшін мамандандырылған инфрақұрылымның тұжырымдамасы мен дизайнын әзірлеуде. 

«Барлығы 2028 жылға дейін алты вертипорт салуды жоспарлап отырмыз. Олар қауіпсіздік, көлікке қолжетімділік және қолданыстағы инфрақұрылыммен интеграция талаптарын ескере отырып, стратегиялық маңызы бар қалалық және көлік нүктелерінде орналастырылатын болады», – делінген хабарламада.

Әуе таксиімен жүру құны қанша теңге болатыны белгілі болды

Министрлік сонымен қатар аэротаксиді пайдалану және заманауи әуе ұтқырлығын дамыту мәселелерін реттейтін заңнамаға түзетулер әзірледі. Өзгерістер келісу кезеңдерінен өттіп, қазір түзетулер талқылануда. Оларды жақын арада заңнамаға енгізу және қабылдау жоспарлануда.

Ел тұрғындары әуе таксиіне қашан міне алады

19 мамырда Алатауда әуе таксиін сынақтан өткізу өтті. Ол 2400 келіге дейін жүк тасымалдай алады. Сағатына 200 шақырымға дейін жылдамдықты дамытады және бір қуатталғанда 200 шақырымға дейінгі қашықтықты еңсере алады. Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың айтуынша, биыл әуе таксилер жолаушыларсыз ұшырылатын болады. 

Соңғы жаңалықтар