Банк • Бүгін, 16:55

Ұлттық банк: Ипотека мен автонесиеге сұраныс төмендеді

2 мин
оқу үшін

Ұлттық банк жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша, 2026 жылдың бірінші тоқсанында елдегі несиеге сұраныс бірқатар бағытта төмендеген. Әсіресе ипотека мен автонесие сегментінде белсенділік бәсеңдегені байқалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық банк: Ипотека мен автонесиеге сұраныс төмендеді

Ұлттық банк мәліметінше, ірі бизнес тарапынан кредиттік өтінімдер саны тоқсандық көрсеткішпен 16 пайызға өсіп, 238-ге жеткен. Сонымен қатар өтінімдердің орташа көлемі 18,8 млрд теңгені құраған. Банктер мұны стратегиялық жобаларды қаржыландыруға қызығушылықтың артуымен байланыстырады.

Ұлттық банктің Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаментінің директоры Олжас Кубенбаевтың айтуынша, орта және шағын бизнес сегментінде сұраныс біршама азайған. Бұған мемлекеттік қолдау бағдарламалары аясындағы қаражатты игеру және жыл басындағы маусымдық факторлар әсер еткен.

Табысынан 8 есе көп қарызы барларға несие берілмейді: Ұлттық банк жаңа шектеу енгізеді

Шағын кәсіпкерлік саласында өтінімдер саны 5 пайызға төмендеп, 912 мың болған. Орта бизнес бойынша керісінше өтінімдер көлемі цифрлық өнімдердің есебінен 5 пайызға артқан.

Ипотекалық несиеге сұраныс та төмендеген. Банктердің айтуынша, оған сыйақы мөлшерлемесінің көтерілуі және тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің азаюы себеп болған. Нәтижесінде ипотекалық өтінімдер саны 21 пайызға қысқарып, 191 мыңға жетті. Орташа қарыз көлемі 20,5 млн теңгені құраған.

Автонесие нарығында да белсенділік бәсеңдеген. Бұл жаңа көлік бағасының арзандауы және автодилерлер ұсынатын жеңілдетілген бағдарламаларға сұраныстың азаюымен түсіндірілді. Автонесие бойынша өтінімдер саны 20 пайызға азайып, 1,2 млн болған.

Қазақстан криптохабқа айналады: Президент Үкімет пен Ұлттық банкке шұғыл тапсырма берді

Сонымен қатар кепілсіз тұтынушылық несиелерге сұраныс айтарлықтай өзгермеген. Бұл сегментте өтінімдер саны 16,1 млн деңгейінде сақталған.

2026 жылдың екінші тоқсанында банктер іскерлік белсенділіктің артуына байланысты ірі бизнес тарапынан несиеге сұраныс өседі деп күтеді. Ал ипотекалық нарықта да сұраныстың қайта жандану ықтималдығы бар.

Соңғы жаңалықтар