Фото: Ашық дереккөз
Куәгерлер түсірген бейнежазбада ер адамның баланың қауіпті жерде тұрғанын көріп, бірден лифт арқылы жоғары көтерілгені байқалады. Ол дер кезінде жетіп, бүлдіршінді қауіпсіз жерге алып шыққан.
Алдын ала мәлімет бойынша, бала пәтерден өздігінен шығып кеткен. Сол сәтте үйде болған әкесі қатты ұйықтап жатқан. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді.
Әлеуметтік желі қолданушылары баланы құтқарып қалған азаматтың әрекетіне ризашылық білдіріп, оны нағыз батыр деп атап жатыр. Сонымен қатар көпшілік ата-аналарды балалар қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырды.
Мұндай жағдайлар соңғы жылдары елімізде жиілеп кеткен. Төтенше жағдайлар қызметі әсіресе жаз мезгілінде терезе мен балкон қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажеттігін үнемі ескертеді. Мамандар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға, терезелерге арнайы бекіткіш орнатуға және қауіпті аймақтарға жақын жиһаз қоймауға кеңес береді.
Айта кетейік, Ақтөбе облысында 11 жастағы бала ойын алаңында ауыр жарақат алды.
Оралда қаңғыбас иттер бес жасар баланы талап тастады.
Ауғанстанда балалар некесі заңдастырылып жатыр.