Президент • 18 Сәуір, 2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады

1183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысына министрліктің биылғы бірінші тоқсанда атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары жөнінде мәлімет берілді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық саясатты жүзеге асырудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ, сыртқы нарықтағы Қазақстан экспортын ілгерілету қажеттігін айтты.

Бейбіт Атамқұлов инвестиция тарту жөніндегі мемлекеттік құрылымдардың, соның ішінде өңірлік деңгейдегі өзара іс-қимылдарды жақсарту үшін қабылданған жүйелі шаралар туралы баяндады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы сапарлар мен сыртқы саяси шаралардың кестесі талқыланды.

Соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 6 мың жұмыс орны құрылды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 19:23

Семей қаласының әкімі сайланды

Аймақтар • Бүгін, 16:43

Республика күні Әл-Фараби көзімен

Республика күні • Бүгін, 16:20