12 Наурыз, 2010

ҚАРСЫЛАСУ ҚОЗҒАЛЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР

876 рет
көрсетілді
48 мин
оқу үшін
Отандастарымызға итальяндықтар  құрмет көрсетуде Осы жылдың 9 мамырында Ұлы Жеңістің 65 жылдығы әлемдік деңгейде аталып өтіледі. Өйткені, бұл күн миллиондаған адамды құр­бан­дыққа ұшыратқан екінші дүниежүзілік со­ғыс­тың жеңіспен аяқталғанын паш еткен күн ретінде тарихта қалды. Сондықтан да жақында Еуропа елдері осынау мерекелік датаны мере­келеу жалпыеуропалық қана емес, жаһандық сипат алатындығын мәлімдеді. Сондай-ақ ба­тыр­лық пен ерлік, соғыстағы мейірімсіздік пен қа­сірет-қайғы шекараны да, ұлттық ерек­ше­ліктерді де таңдамайтынын атап көрсетті. Италия өздерінің фашистік ұлтшылдардан азат болған күнін 25 сәуірде атап өтеді. Олар үшін бұл  күн соғыстың аяқталған және фа­шис­тік диктатура түпкілікті талқандалған күн ре­тінде ерекше бағаланады. Осыған байла­ныс­ты 2010 жылдың 25 сәуірінде Италияның сол­түс­тік-шығысындағы Триест қаласында Же­ңістің 65 жылдығына орай Қазақстан Респуб­ли­касының Италиядағы елшілігі Триест қаласының мэриясымен бірлесе отырып, 1943-1945 жылдары Гориция облысы мен Триест қа­ласын азат ету кезінде қаза тапқан 104 кеңестік әскерді еске түсіру мақсатында ескерткіш ашады. Бұл 104 жауынгердің 36-сы қазақ. Ал ес­керт­кіштің ашылу салтанатына қазақстандық соғыс ар­дагерлері де қатысады. Соғыста қаза тап­қан жауын­герлерді мәңгі есте қалдыру идея­сын Триест қала­сының мэрі Роберто Дипьяцца мен осы өңірден сенаторлыққа сайланған Ми­лоша Будина бастаған итальяндық қоғамдастық қолдау көрсетіп, қаза тапқан жауынгерлердің  аты-жөндерін анықтауға елшілікке жан-жақты көмек көрсеткен болатын. Ескерткішті тұрғызу тарихы тереңде жатыр. Ол Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы Қал­мұқан Исабайдың 2005 жылы Италиядағы Қазақстан елшілігіне Югославия халық-азаттық армиясы 9-корпусы 18-бригадасының “орыс ба­тальонында” соғысқан және Випава көпірін алу шайқасы кезінде қаза тапқан 10 қазақ жауын­герінің жерленген жерін іздестіру туралы өті­нішінен басталады. Кейін анықталғанындай, 1944 жылдың басында Югославия халық-азат­тық армиясы 9-корпусы 18-бригадасының құ­рамын­да фашистік концлагерьден қашып шы­ғып, партизандық қозғалысқа қатысқан жауын­герлерден батальон жасақталады. Осы бата­льон­ның командирі болып Қызыл армияның бұрынғы сержанты 23 жастағы қазақ Бейсен Райсов тағайындалады. Оның басшылығындағы батальон жауынгерлері жан алып, жан беріскен шайқастарда талай мәрте ерлік көрсетеді. Мұны жергілікті тұрғындар әлі күнге үлгі-өнеге тұтып келеді. Бұл кезінде жергілікті БАҚ-тарда да жазылған болатын. Кеңес армиясы Берлинге шабуылды бас­та­ған 1945 жылдың сәуірінде Италияның сол­түс­тік аумағында да фашистік қарулы күштерге қар­сы бас көтерулер болды. Италияның сол­түстігіндегі және Словениядағы партизандық құрамалар азаттық жолындағы қозғалыстарға қолдау көрсету арқылы белсенділік танытты. Мысалы, Бейсен Райсов басқаратын 10 қазақ жауынгері Триест қа­ласына жақын Штаньел деревнясының маңын­дағы Випава өзені арқылы өтетін көпірді барлауға жіберілген еді. Барлаушылар күтпеген жерден фашистердің ротасына тап келіп, сол жерде қиян-кескі шайқас болады. Фашистердің ілгері жыл­жуына тосқауыл қойған олар сол жерде ерлікпен қаза табады. Бұл ерлік итальяндықтардың, оның ішінде болашақ ұрпақтың есінде мәңгі қалды. Елшілік қызметкерлері ержүрек қазақ жауынгерлерінің аты-жөндерін, жерленген жер­лерін анықтау барысында ауқымды жұмыстар жүргізді. Архивтік деректерді жинастыра отырып Апениннің солтүстік-шығысын азат етуде “орыс батальонының” құрамында 104 кеңес жауынгерінің қаза тапқанын, оның 36-сы қазақ екенін анықтады. Ескерткіште сол 104 жауынгердің аты-жөндері латын және кириллица әріптерімен көрсетілген. Ескерткіш-монумент Триест қаласындағы орталық әскери зиратта орнатылады. Онда көрсетілген жауынгерлер Триест қаласын азат ету кезінде қаза тапқандар. Олардың көрсеткен ерліктері болашақ ұрпаққа үлгі-өнеге болмақ. РИМ. ҚҰЛПЫТАСТАҒЫ ЖАУЫНГЕРЛЕР ТІЗІМІ 1.             АГАЗЕДЕ РИЗА AGAZEDE RІZA 20.08.1944 2.             АЗИЗОВ БАЙРАМ AZІZOV BAJRAM 18.12.1943 3.             АЛЕКСЕЕВ Я. ДМИТРИЙ ALEKSEJEV J. DMІTRІJ 30.04.1945 4.             АЛЕСКЕРОВ КЕРИМ ГУСЕИН – БАЛА ALESKEROV KERІM GUSEІN –BALA 01.05.1945 5.             АЛТАЕВ АТАБЕРДИ ALTAJEV ATABERDІ 11.10.1944 6.             АЛЬПАРОВ КЕНЖИБАЙ ALJPAROV KENŽІBAJ 01.05.1945 7.             АМАНОВ ДАВЛЕД AMANOV DAVLED 02.05.1945 8.             АНКИН С. АЛЕКСЕЙ ANKІN S. ALEKSEJ 01.04.1945 9.             АНЧИКОВ Г. НИКОЛАЙ ANCІKOV G. NІKOLAJ 02.05.1945 10.           АРСЕНТИН Г. ИВАН ARSENTІN G. ІVAN 29.03.1945 11.           АРШАНОВ М.МИХАИЛ ARŠANOV M. MІAHAІL 19.01.1944 12.           АСАНОВ АСКЕЗ ASANOV ASKEZ 21.06.1944 13.           АТАБАЕВ ТАМИЗБАЙ ATABAJEV TAMІZBAJ 14.07.1944 14.           БАБАЕВ АМАН BABAJEV AMAN 14.05.1944 15.           БАГАРАМОВ ХАЙДАЗ BAGARAMOV HAJDAZ 19.02.1944 16.           БАЙРАМОВ ШАМИЛЬ BAJRAMOV SAMІLJ 14.03.1945 17.           БАЙШУГЕНОВ ДАНАБЕК BAJŠUENOV DANABEK 01.05.1945 18.           БАЛИЕВ АЛИ BALІJEV ALІ 27.11.1944 19.           БАРАНЮК М. ВАСИЛИЙ BARANJUK M. VASІLJ 10.1944 20.           БАХИТОВ ДЖАНИБЕК BAHІTOV DŽANІBEK 30.04.1945 21.           БЕКТАСОВ САДУ BEKTASOV SADU 25.01.1945 22.           БЕЛОВ П. НИКОЛАЙ BELOV P. NІKOLAJ 22.03.1945 23.           БОРАМБАЕВ ШАЯХМЕТ BОRAMBAJEV ŠAJAHMET 31.03.1945 24.           БУКУРОВ ТОИМБЕК BUKUROV TOІMBEK 28.02.1945 25.           ВЕЛИЕВ С. АБДУЛЛА VELІJEV S. ABDULLA 02.05.1945 26.           ВЕРКИН А. ТЕОДОР VERKІN A. TEODOR 29.04.1945 27.           ВОРОШИЛОВ К. ЛЕОНИД VOROŠІLOV K. LEONІD 02.04.1945 28.           ГАВРИКОВ К. АЛЕКСЕЙ GAVRІKOV K. ALEKSEJ 19.02.1944 29.           ГРИГОРЯН М. АВЕТИК GRІGORJAN M. AVETІK 01.05.1945 30.           ГУСЕВ АЛЕКСЕЙ GUSJEV ALEKSEJ 25.05.1944 31.           ГУСЕЙНЗАДЕ ГАНИФА ОГЛИ GUSEJN ZADE GANІFA OGLІ 02.11.1944 32.           ГУСЕЙНОВ ПЕРИДУМ GUSEJNOV PERІDUM 21.06.1944 33.           ДАВИДОВ ЯКУБ DAVІDOV JAKUB 21.06.1944 34.           ДАНИЛЕВСКИЙ Л. АНТОН DANІLEVSKІJ L. ANTON 22.04.1945 35.           ДОНЧЕНКО Д. ИВАН DONCENKO D. ІVAN 11.07.1944 36.           ЕЖОВ Г. АЛЕКСАНДР EZŠOV G. ALEKSANDR 02.05.1945 37.           ЖАКСИМБЕТОВ КАЖИАХМЕТ ŽAKSІMBETOV KAŽІAHMET 21.06.1944 38.           ЕРЖАНОВ ТУЛЕШ ІRŽANOV TULEŠ 02.04.1944 39.           ИСАКОВ В. СЕМЕН ІSAKOV V. SEMJON 29.04.1945 40.           ИСАКОВ ОРОНБАЙ ІSAKOV ORONBAJ 29.04.1944 41.           КАБАНТАРОВ Ю. ЛЕОНИД KABANTAROV J. LEONІD 01.11.1943 42.           КАЗАНЦЕВ Н. АЛЕКСАНДР KAZANCEV N. ALEKSANDR 05.12.1944 43.           КАСУМОВ К. МИХАИЛ KASUMOV K. MІHAІL 27.01.1945 44.           КАУНБАЕВ КАЛИК KAUNBAJEV KALІK 25.02.1945 45.           КОЖАХМЕТОВ ЖАКСЫЛЫК KOŽAHMETOV ŽAKSІLІK 05.1945 46.           КОЗЛОВ И. ИГОРЬ KOZLOV І. ІGORІJ 26.02.1945 47.           КОКОВ В. ВАСИЛИЙ KOKOV V. VASІLJ 22.07.1944 48.           КРАВЧЕНКО С. АЛЕКСЕЙ KRAVCENKO S. ALEKSEJ 25.12.194 49.           КУЛИЕВ МАЗАХИЗ KULІJEV MAZAHІZ 02.10.1944 50.           КУЛЬАМИРОВ САБИТ- СЕРГЕЙ KULJAMІROV SABІT-SERGEJ 19.02.1944 51.           КУЛЬНАЗАРОВ ДЖУМАНАЗАЗ KULJNAZAROV DŽUMANAZAZ 02.04.1944 52.           КУРБАНОВ КАСЫМ KURBANOV KASІM 26.04.1945 53.           КУТИГАДАМОВ РАХИМЖАН KUTІGADAMOV RAHІMŽAN 09.02.1945 54.           МАЕВСКИЙ Н. ПАВЕЛ MAJEVSKІJ N. PAVEL 21.06.1944 55.           МАЙДЖАХАНОВ САЙЛАУБЕК MAJDŽAHANOV SAJLAUBEK 02.04.1944 56.           МАКАЖЕВ П. МИХАИЛ MAKAJEV P. MІHAІL 23.01.1944 57.           МАКСИМОВ А. ДЖАМАЛЛАДДИН MAKSІMOV A. DŽAMALLADDІN 29.04.194 58.           МАТВЕЕВ И. ПЕТР MATVEJEV І. PETR 17.03.1945 59.           МАХМУТОВ ШАБАЙ MAHMUTOV ŠABAJ 02.05.1945 60.           МАШОНКИН ГРЕГОРИЙ MAŠONKІN GREGORІJ 31.03.1945 61.           МЕЛЬЧИКОВ И. ЕГОР MELJCІKOV І. EGOR 01.05.1945 62.           МУЗАТОВ КАМБАР MUZATOV KAMBAR 31.03.1945 63.           МИЗЗАДЖАНОВ МИЗЗАДЖАН MІZZADŽANOV MІZZADŽAN 02.04.1944 64.           МУШКЕТОВ В. ВАСИЛИЙ MUŠKETOV V. VASІLJ 24.03.1945 65.           МУШКЕТОВ Д. ВАСИЛИЙ MUŠKETOV D. VASІLJ 21.01.1945 66.           НИКИТИН Г. АЛЕКСЕЙ NІKІTІN G. ALEKSEJ 14.03.1945 67.           НИКИФОРОВ Н. НИКОЛАЙ NІKІFOROV N. NІKOLAJ 22.03.1945 68.           ПАСТУХОВ Ф. ВАСИЛИЙ PASTUHOV F. VASІLІJ 26.02.1945 69.           ПОПОВ М. ИВАН POPOV M. ІVAN 25.12.1944 70.           ПОПРИДУХИН Е. ПЕТР POPRІDUHІN E. PETR 26.04.1945 71.           ПРОЦЕНКО С. ВАСИЛИЙ PROCENKO S. VASІLJ 19.02.1944 72.           ПУГАЧЕВ Е. ВЛАДИМИР PUGACOV E. VLADІMІR 01.04.1945 73.           РАДИОНОВ Т. МИХАИЛ RADІONOV T. MІHAІL 26.02.1945 74.           РАХИМБАЕВ ЮНУСБЕК RAHІMBAJEV JUNUSBEK 27.05.1944 75.           РОСИНСКИЙ М. АЛЕКСАНДР ROSІNSKІJ M. ALEKSANDR 01.05.1945 76.           САДИКБЕКОВ АБЛКАИМ SADІKBEKOV ABLKAІM 01.05.1945 77.           САДИКОВ БЕНСЕНБАЙ SADІKOV BENSENBAJ 29.04.1945 78.           САЛИМОВ МАХМЕТ SALІMOV MAHMET 14.07.1944 79.           СЕРЕБРЯКОВ С. ТИМОФЕЙ SEREBRJAKOV S. TRІMOFEJ 31.03.1945 80.           СЕРИКОВ ЕСКЕНДИР SERІKOV ESKENDІR 05.1945 81. СОРОКИН Т. МИХАИЛ SOROKІN T. MІHAІL 19.02.1944 82. СТЕНБЕРСКИЙ С. НИКОЛАЙ STENBERSKІJ S. NІKOLAJ 02.05.1945 83. СУСПИЦИН И. ГРИГОРИЙ SUSPІCІN І. GRІGORІJ 17.04.1944 84. СУХИНИН П. МИХАИЛ SUHІNІN P. MІHAІL 25.03.1945 85. ТАЗЕНКОВ АНДРЕЙ TAZENKOV ANDREJ 11.1943 86. ТАЛИМОВ АРИП TALІMOV ARІP 02.04.1944 87. ТЕРГМЕСОВ ТУРГАЗИ TERGMESOV TURGAZІ 25.10.1944 88. ТИМОШЕВСКИЙ Г. СЕРГЕЙ TІMOŠEVSKІJ G. SERGEJ 23.04.1945 89. ТКАЧЕНКО Л. КОНСТАНТИН TKACENKO L. KONSTANTІN 23.03.1945 90. ФЕДОРОВ Я. МИХАИЛ FEODOROV J. MІHAІL 29.04.1945 91. ФЕДОТОВ А. ПЕТР FEDOTOV A. PETR 23.03.1945 92. ФОМЕНКО Ф. НИКОЛАЙ FOMENKO F. NІKOLAJ 01.09.1944 93. ХАЙДАРОВ ИСМАИЛ HAJDAROV ІSMAІL 26.10.1944 94. ХАМЗИН СЕЙДАГОЛИ HAMZІN SEJDAGOLІ 04.04.1945 95. ХОЛМАНОВ ДЕЛЬМУРАД HOLMANOV DELJMURAD 23.12.1944 96. ХУДАЙБЕРГЕНОВ БАЙМУХАММЕД HUDAJBERGENOV BAJMUHAMMED 15.01.1945 97. ЧАПОНИС ЮРЧЕС ЙОНАС CAPONІS JURCES JONAS 25.12.1945 98. ШАНИЯЗОВ ДЖАМАЛ ŠANІJAZOV DŽAMAL 15.06.1944 99. ШАРАПОВ М. НИКОЛАЙ ŠARAPOV M. NІKOLAJ 26.02.1945 100. ШИКАРЕВ А. ПЕТР ŠІNKARJEV A. PETR 06.11.1943 101. ШУТИКОВ Е. ВАСИЛИЙ ŠUTІKOV E. VASІLІJ 02.02.1945 102. ЭДИЛОВ ОРАЗАЛИ EDІLOV ORAZALІ 03.05.1945 103. ЮРЧЕНКО Н. ТРОФИМ JURCENKO N. TROFІM 20.07.1944 104. ЮЩЕНКО Т. ПЕТР JUŠCENKO T. PETR 01.05.1945 Югославия халық-азаттық армиясы 9-корпусы құрамындағы “орыс батальонында” қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің тізімі № Аты-жөні Жалпы Қаза тап- Жерленген Ескертулер тізімде- қан жылы елді гі нөмір мен айы мекен атауы 1. АЛИПАРОВ КЕНЖИБАЙ 90 01.05.1945 Opcіne (Trst) 2. АЛТАЕВ АТАБЕРДЫ 59 11.10.1944 Hotedersca 3. АМАНОВ ДАУЛЕТ 41 02.05.1945 Opcіne (Trst) Қ.Исабайдың тізімі бойынша 4. АСАНОВ АСКЕЗ 23 21.06.1944 Vіpava 5. АТАБАЕВ ТАМЫЗБАЙ 25 14.07.1944 Kanalska dolіna, Desklo 6. БАБАЕВ АМАН 18 14.05.1944 Postojna, vas Slavіna 7. БАЙШУЕНОВ ДАНАБЕК 45 01.05.1945 Opcіne (Trst) Қ.Исабайдың тізімі бойынша 8. БАЛИЕВ АЛИ 52 27.11.1944 Vіpavska dolіna, kraj Osek 9. БАХИТОВ ЖАНИБЕК 55 30.04.1945 Stanjel Қ.Исабайдың тізімі бойынша 10. БОРАНБАЕВ ШАЯХМЕТ 36 31.03.1945 Zadlog Қ.Исабайдың тізімі бойынша 11. БУКУРОВ ТОИМБЕК 51 28.02.1945 Trnovo, Trnovskі gozd 12. ЕДИЛОВ ОРАЗАЛЫ 32 03.05.1945 Opcіne prі Trstu 13. ЕРЖАНОВ ТУЛЕС 17 02.04.1944 Spodnja Іdrіja 14. ЖАКСЫМБЕТОВ КАЖЫАХМЕТ 42 21.06.1944 Vіpava 15. ИСАКОВ ОРОНБАЙ 20 29.04.1944 Spodnja Іdrіja 16. КАУНБАЕВ ХАЛИК 47 25.02.1945 Vіpava, kraj Ravne Қ.Исабайдың тізімі бойынша 17. КУДАЙБЕРГЕНОВ БАЙМУХАММЕД 40 15.01.1945 Notranjskam 18. КУЛЬЖАМИРОВ САБИТ 19 19.02.1944 Benecіa 19. КУЛЬМАЗАРОВ ДЖУМАНАЗАЗ 14 02.04.1944 Spodnja Іdrіja 20. КУРБАНОВ КАСЫМ 92 26.04.1945 Otlіce 21. КУТЫГАДАМОВ РАХИМЖАН 26 09.02.1945 Predmeja, Trnovskі gozd 22. МАЙДЖАХАНОВ САЙЛАУБЕК 31 02.04.1944 Spodnja Іdrіja 23 МАХМУТОВ САБАЙ 89 02.05.1945 Opcіne (Trst) 24. МУРАТОВ КАМБАР 39 31.03.1945 Zadlog, Trnovskі gozd Қ.Исабайдың тізімі бойынша 25. РАХИМБАЕВ ЖУНУСБЕК 29 27.05.1944 Spodnja Іdrіja, Cerknem 26. САДЫКОВ БЕНСЕНБАЙ 46 29.04.1945 Vіpava, vas Male Zable 27. САЛИМОВ МАХМЕТ 21 14.07.1944 Kanalska dolіna, Desklo 28. ТЕРГМЕСОВ ТУРГАЗЫ 35 25.10.1944 Gaberk 29. ХАЙДАРОВ ИСМАИЛ 50 26.10.1944 Gabrku na Gorejnskem 30. ХАМЗИН СЕЙДЕГАЛИ 37 04.04.1945 Pecіne Қ.Исабайдың тізімі бойынша 31. ХОЛМАНОВ ДЕЛЬМУРАД 38 23.12.1944 Lokve, Trnovskі gozd 32. ШАНИЯЗОВ ДЖАМАЛ 30 15.06.1944 Avcja 33. КОЖАХМЕТОВ ЖАКСЫЛЫК Қ.Исабайдың тізімі бойынша 34. САДИБЕКОВ АБИЛХАИМ 15 01.05.1945 Opcіne prі Trstu Қ.Исабайдың САДЫРБЕКОВ АБЛКАИМ тізімі бойынша 35. СЕРИКОВ ЕСКЕНДИР Қ.Исабайдың тізімі бойынша 36. БЕКТАСОВ САДУ Алмаз ХАМЗАЕВ, Қазақстан Республикасының Италиядағы Төтенше және өкілетті елшісі