«Қазіргі таңда жастар арасында Қазақстан өрлеу кезеңіне қадам басты деген пікір бар. Жас буын өкілдері жаңа қоғамдық этиканы, креативті индустрияны дамытуға зор үлес қосып жатыр. Әлем елдері қазіргі қазақ өнерін ерекше құбылыс деп бағалайтын болды. Кино саласы да дамып жатыр. Жас ұрпақтың ұлттық бірегейлігімізді өнерімен айшықтап, ұлтымызды жаһан жұртына танытуы – зор мақтаныш.
Жастардың күш-қуаты мен ынта-жігері, жаңашылдығы мен жасампаздығы кез келген салаға зор серпін береді. Сондықтан біз өскелең ұрпаққа әрдайым жан-жақты қолдау көрсетеміз. Олардың ұлттық құндылықтармен қатар жаңа заманның жақсы қасиеттерін бойына сіңіруіне барынша жағдай жасаймыз», деді Мемлекет басшысы
Еске салайық, Мемлекет басшысы жаңа Парламенттің атауын «Құрылтай» деп атауды ұсынды.
Сондай-ақ Президент неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда бекіту туралы ойын айтты.
Кісі қолынан қаза тапқан Нұрайдың басында болған жағдайға да аса мән берді.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Арал теңізі мәселесіне қатысты пікір білдіріп, оны сақтау бүкіл адамзат үшін өзекті міндет екенін айтқан болатын.