Экология • 27 Шілде, 2019

Алматы жалпыреспубликалық экологиялық акциясына қосылды

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы ҚР Премьер-министрі бастаған #Birge #TazaQazaqstan жалпыреспубликалық экологиялық акциясына қосылып, тазалық акциясын Көкжайлаудан бастады.

Алматы жалпыреспубликалық экологиялық акциясына қосылды

Жалпыреспубликалық тазалық акция аясында «Таза Алматы» экологиялық шарасын Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бастап беріп, алматылықтар Көкжайлау шатқалын және күрежолдарды тазартуға шықты.

«Таза Қазақстан үшін» челенджін Президенттің өзі қолдағаны белгілі. Бұл шараға ауа-райының қолайсыздығы да кедергі бола алмайды. Көкжайлау аумағын тазалауға еліміздің бас экологі Мэлс Елеусізов те қатысуда.  Алматы қаласының тұрғыны ретінде бас эколог алматылықтрды төңірегімізді қоқыстан тазартуға, тазалық жасауға шақырған болатын.

Алматының экологиялық ахуалын жақсартып, халық арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруды мақсат еткен #TazaAlmaty челленджіне қатысушылар 5 шақырымға созылған тау жолын тазалап, туристерден қалған тұрмыстық қалдықтардан, қоқыстардан арылтты.

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Алакөлге шаршамай жетесіз

Аймақтар • Бүгін, 08:55

Қанасқа қатынау жеңілдейді

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Өндіріс қалдығы азаяр емес

Экология • Бүгін, 08:40

Желмен жүретін пойыз

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:35