 
                                        «Трансплантолог, нефролог, гинеколог және басқа мамандардан құралған дәрігерлер тобының көмегімен бұл пациенттің жүктілігі және кесар тілігі сәтті өтті. Нәтижесінде салмағы 2 келіден асатын сәби дүниеге келді. Дәрігердің тексеруінен кейін бала анасымен бірге», - делінген хабарламада.
Әлемдік статистика өзге елдерде мұндай пациенттердің 25-35% түсік тастайды, мерзімінен бұрын босанады немесе бала іште жатып шетінейді. Сондықтан трансплантация жасатқан науқастар жүктілікті жоспарламас бұрын мұқият тексеруден өтеді, сондай-ақ, аяғы ауыр болған жағдайда олар иммуносупрессивті терапия қабылдауы тиіс, өйткені трансплантат (бүйрек ауыстыру) функциясын жоғалтуы мүмкін немесе пациенттің өміріне қауіп төндіруі ғажап емес.
АЛМАТЫ
 
                             
                                 
                             
                                             
             
             
             
             
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                