Қоғам • 02 Қазан, 2019

Маңғыстауда 2020 жылы ірі жобалар іске қосылмақ

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстауда 2020 жылы іске қосылатын айрықша жобалар белгілі болды.

Маңғыстауда 2020 жылы ірі жобалар іске қосылмақ

Олардың бірі - түркиялық инвесторлардың бастамасымен Ақтау қаласының аумағынан салынып жатқан туристік қонақ үй кешені. Құны 60,8 млрд теңге болатын кешеннің құрылысы қарқынды жүргізілуде. 2020 жылдың аяғына дейін бірінші кезеңі іске қосылмақ. Нәтижесінде 600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Сондай-ақ сингапурлық "WestGasOil” (УестГазОйл) компаниясының бастамасымен құны 684 млрд теңгені құрайтын «Метанол және олефин өндіру» зауыты іске қосылады деп жоспарланған.

Құны 76 млрд теңге болатын үшінші ірі жоба - шойын өндіретін металлургиялық зауыттың құрылысын «Техногран-Актөбе» ЖШС салуды қолға алған.

Өңірдегі тағы бір айтулы жоба болып «Маңғыстау Ойл Рефайнинг» ЖШС жүргізетін «Мұнай Өңдеу Зауыты» құрылысы табылады, құрылыс құны 7,6 млрд теңгеге есептелген.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35