
«Биылғы 10 қаңтарда мемлекеттік шекараның «Ақ жол» - «Қордай» бақылау-өткізу пунктіндегі Қырғызстан жағында Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің әкімшілік-техникалық қызметкерінің қатысуымен оқиға орын алғанын растаймыз. Қазіргі уақытта қырғыз тарапымен бірлесіп осы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде», - деп нақтылады ҚР СІМ баспасөз қызметі.