
Жоба құрылысы демеушілер қаржысымен жүргізілмек. Осы тектес ғимарат Түпқараған ауданының Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылында, Маңғыстау ауданындағы Жармыш селосында бой көтеруі тиіс. Соңғы аталған ауыл мен Шетпе кентінде Ұлттық спорт алаңы, демалыс алаңын салу жұмыстары қатар жүреді деп жоспарланған.