Аймақтар • 05 Наурыз, 2020

Қостанай: Мемқызметшілерге мереке қарсаңында сый-сияпат алуға тыйым салынды

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті көпшілікке наурыз айындағы мереке күндері қарсаңында өзара тарту-таралғы алмасу тәртібін түсіндірді.

Қостанай: Мемқызметшілерге мереке қарсаңында сый-сияпат алуға тыйым салынды

Осыған байланысты өткен баспасөз жиынында «Аntikor Ortalygy» мамандары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда әдеп қағидаларын қалыптастыру мәселелері жөнінде сөз етті. Жиынға мемлекеттік ұйымдардың, сонымен қатар квазимемлекеттік сектордың өкілдері қатысты.

Бұл ең алдымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қоғамда парасаттылық қағидаларын қалыптастыруға бағытталған бастама. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметкерлерге өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауына тыйым салынады. Сыйлық алған фактілер анықталған жағдайда сыйлықтарды арнайы мемлекеттік қорға жеті күн ішінде тапсыру қажеттігін мемлекеттік қызметшілердің назарын аударамыз. Бұлай болмаған жағдайда мемлекеттік қызметшілер тәртіптік, әкімшіліктік, тіпті, қылмыстық жауапкершілікке дейін тартылады, - деді Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Рүстем Болат.

Басқарма басшысының айтуынша, егер сыйлықтың құны 2 айлық есептік көрсеткіштен (1АЕК – 2651теңге) жоғары болса, сыйлық берген адамға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (530200 теңге) әкімшілік айыппұл қарастырылған. Ал сыйлық алған қызметкерге 600 айлық есептік көрсеткіш (1 590 600 теңге) айыппұл салынады. Ал одан жоғары сома пара болып есептеліп, сый-сияпат жасаушы мен оны алушы қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

 

Қостанай

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15