Аймақтар • 13 Наурыз, 2020

Қостанай облысы: 17 мыңға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылды

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында өткен жылы 22 жарым мың адам жұмыспен қамтылған.

Қостанай облысы: 17 мыңға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылды

Оның 75%-і, яғни 16 мың 900 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Бүгін облыстық мәслихат депутаттарының кезекті сессиясында бағдарламаның өңірде жүзеге асырылу барысы туралы сөз болды. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Аида Құсайынованың айтуынша, былтыр бағдарламаның бірінші бағыты бойынша облыстағы 33 білім мекемесі 2 682 адамды 35 мамандық түрі бойынша қайта даярлау курстарында оқытып шыққан.

Бұл азаматтардың жартысынан көбі жұмысқа орналасты. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру мақсатында өңір тұрғындарына жалпы көлемі 364,5 млн теңге болатын 769 грант берілді. 480 азамат грант қаржысын еңбек құралдарын алуға жұмасаса, 205 адам технологиялық құрылғылар алуға, 84 грант иесі мал мен құс сатып алуға жұмсады, - деді басқарма басшысы.

«Еңбек» бағдарламасы аясында биылдан бастап көп балалы аналар мен тұрмысы төмен отбасыларды шағын кәсіпкерлікке көптеп тарту көзделіп отыр. Бұл мақсатта 7 жыл мерзімге  жылдық сыйақысы 4%  болатын 21 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие беру қарастырылған.

 

ҚОСТАНАЙ

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15