Аймақтар • 21 Наурыз, 2020

Қостанайлықтар қоғамдық ғимараттарға қол шайып кіреді

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайдағы ірі сауда орындары мен дәріхана, пошта, банк, халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы дезинфекциялық режім қатаң бақылауға алынды. Қалада қоғамдық ғимараттардың кіре берісіне арнайы санитайзерлер ілініп, келушілерге қол тазалап кіру талап етіледі.  

Қостанайлықтар қоғамдық ғимараттарға қол шайып кіреді

Әр сағат сайын есік тұтқалары сүртіліп, баспалдақ, лифтілер арнайы санитарлық тазалаудан өтуде. Шағын ғимаратқа орналасқан қоғамдық мекемелер де екі сағат сайын үзіліс жасап, есік-терезелерді ашып, тазалық шараларын жүргізіп жатыр.  Кезек күтуге тура келсе де, тұрғындар бұған түсіністікпен қарайтынын айтады. Қазір Қостанайдағы аһуал тұрақты. Сауда орындарында бұрынғыдай кезек жоқ. Азық-түлік дүкендерінің қоймасы тоқ, сөресі тауарға толы. Таяуда ғана құрылған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тұрақтандыру жөніндегі комиссия мүшелері қаланың ірі сауда орындары мен өндіруші кәсіпорындарға мониторинг жүргізуді жиілетті.

Кеше ғана облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов бастаған комиссия мүшелері сауда орындары мен өндіруші кәсіпорындарды аралап,  әлеуметтік азық-түлік тауарлары бағасын негізсіз қымбаттатуға жол бермеу жөнін түсіндірді.  

Қостанай

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15