
«Барлық елдер мейлінше шараларды қолдануы қажет. Ең тиімдісі – вирус жұқтырудың алдын алу, яғни сынама алып, оқшаулау. Егер де біз кімге жұққанын дер кезінде анықтай алмайтын болсақ, онда вирусты да жою мүмкін емес» деді ДДСҰ басшысы.
Сондықтан ДДСҰ әлем елдеріне өз азаматтарын үздіксіз тексеру қажет, деген қарапайым ғана үндеу жолдайды. Әр мемлекет тест жасаудың қанашалықты тиімді екенін осы эпидемиямен күрес барысында көз жеткізетіні анық.
АЛМАТЫ