2026 жылғы 28 наурыз сағат 08:00-дегі жағдай бойынша келесі жол учаскелерінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашық:
Шығыс Қазақстан облысы:
«Өскемен — Семей» автожолы, 12–103 шақырым (Өскемен қаласы — Қазақ ауылы бұрылысы — Абай облысының шекарасы).
Абай облысы:
«Өскемен — Семей» автожолы, 103–198 шақырым (Шығыс Қазақстан облысының шекарасы — Семей қаласы).
Жабық жолдар
Ауа райының қолайсыздығына байланысты келесі бағыттарда қозғалысқа шектеу қойылған:
Қостанай облысы:
«Мариновка ауылына кіреберіс» автожолы, 0–9 шақырым.
(Су тасқынының артуына байланысты: ұзындығы — 70 м, биіктігі — 20 см, сондай-ақ Ресейдегі жолдардың жабылуы әсер еткен).
Жолды шамамен ашу уақыты: 2026 жылғы 5 сәуір, сағат 08:00.
Солтүстік Қазақстан облысы:
«Тимирязево — Сарыкөл — Қостанай облысының шекарасы» автожолы, 0–30 шақырым (Тимирязево ауылы — Қостанай облысының шекарасы).
Павлодар облысы:
«Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — Ресей шекарасы» автожолы
(Қалқаман жолайрығы — Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығу).
Қосымша шектеулер
Шығыс Қазақстан облысындағы күрделі таулы жағдайға байланысты Осинов асуында:
46–66 шақырым аралығында (Северный ауылына бұрылыс — Серебрянск қаласына бұрылыс)
тіркемелі және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Жүргізушілерге жолға шығар алдында бағыттарды нақтылап, ауа райы жағдайын ескеруге кеңес беріледі.