Қоғам • 30 Наурыз, 2020

Мемлекет басшысының қамқорлығы

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Волонтерлердің республикалық фронт-офисі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан 500000 дана бетперде алды.

Мемлекет басшысының қамқорлығы

BIRGEMIZ ұранымен 150-ден астам ұйымды біріктіретін фронт-офис волонтерлері алдағы уақытта бұл бетперделерді балалар үйлеріне, ауруханаларға және халықтың әлеуметтік осал топтарына беруді көздеп отыр. Бұл жұмыстар басталып та кетті.

Мәселен, «Ұлттық волон­терлер желісінің», «Мейірім­ділер клу­бының» және «Астана жаста­рының» волон­терлері «Нұр­лы жүрек», «Шарапат» әлеуметтік қыз­мет көрсету орта­лықтарында және елорда­дағы балалар үйінде болып 14,5 мың бетпердені таратып үлгерді. Қалған бетперделер Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы мұқтаж азаматтарға үлестіріледі. Бұл ортақ іске әр отан­дасымыз өз үлесін қоса алады.

Өз кезегінде еліміздің барша волонтерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа волонтерлік қозғалыстың құр­метті елшісі ретінде осындай игі ак­цияға қатысып, мұқтаж жан­дарға бетперде ұсынғаны үшін шынайы алғысын білдіруде.

Соңғы жаңалықтар

Таразда екі зауыт іске қосылды

Өндіріс • Бүгін, 08:20

Жартастарға жазылған тарих

Көрме • Бүгін, 08:17

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:10

Эйфман қойылымы – Астанада

Театр • Бүгін, 08:05

Айға аттанар күн жақын

Әлем • Бүгін, 08:00

Зерлеп тігу шебері

Мирас • Бүгін, 07:55