
Reuters мәліметтеріне сүйенсек, бұл жағдайдан 3144 шақырымға созылып жатқан шекара маңындағы қалаларда тұратын кем дегенде миллионнан астам мексикалықтар зардап шегіп отыр. Салдарынан заңды виза алу, отбасына бару, медициналық және сауда-саттық қызметтері қолжетімсіз болып қалды. Бұдан әсіресе ауыл шаруашылығына қатысты өнеркісіптер зиян шегіп отыр. Шекарадан өту карталарын ресми иеленушілер Тихуан, Ногалес, Сьюдад-Хуаресте көптеп саналады. Екі ел арасында рұқсат картасын пайдаланбай заңсыз өтетіндердің көптігін иммиграциялық қызмет өкілдері де растап отыр. Ал АҚШ-тың Мемлекет департаментінің мәліметі бойынша 2015 жылдан бергі аралықта 10 жыл мерзімге 4 миллионнан астам карталар әзірленген. Пандемия кезеңіне дейін өткен жылы кедендік және шекаралық бақылау агенттігінің деректері бойынша Мексикадан АҚШ-қа күнделікті 950 000 адам өтіп отырған.