
- Емге жатқызылғандардың жағдайы тұрақты бақылануда. Жағдайлары қанағаттанарлық деп бағалауға болады. Осы күні облыста науқастармен қарым-қатынаста болған 643 адам анықталып тұр. Олардың 21-і карантинде, ал 412-сі үй жағдайында бақылауға алынған. Сырт мемлекеттерден келгендер де ұдайы тексерілуде, – дейді облыстың бас дәрігері.