Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Қызылорда: Алты адамнан вирус белгісі табылды

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше түнде Қызылордада тағы 6 адамның COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Облыс әкімдігінің хабарлауынша алтауы да Шиелі ауданынан.

Қызылорда: Алты адамнан вирус белгісі табылды

Олар бұған дейін вирус жұқтырған адамдармен тығыз қарым-қатынаста болғандар қатарында карантиндік стационарға жатқызылған екен.

«Қазір жағдайлары қанағаттанарлық. Науқастар оқшау орында тиісті емдерін қабылдап жатыр»  делінген  әкімдіктің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында

Жалпы бүгінге дейін облыста  37 адамнан вирус табылып отыр. Қызылорда қаласында 6, Жаңақорған ауданында 16, Қармақшыда  4,  Шиеліде 11  жағдай  анықталған.

Соңғы жаңалықтар

Ғаламшарлықтар орнатқан имплант

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

Арал теңізіндегі құпия

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:28

Ғарыштағы қаралы күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:25

Торғайдың таңдаулы сәукелесі

Жәдігер • Бүгін, 09:22