Оқиға • Бүгін, 15:48

Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсетпек болған қаруланған топ ұсталды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі қылмыстық топтардың жолын кесу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. 27 наурыз күні Алматы қаласында жедел әзірлеме аясында адам ұрлау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілері бойынша кешенді жедел-тергеу іс-шаралары өтті. Нәтижесінде барлық күдіктілер анықталып, ұсталды. Сонымен қатар 17 санкцияланған тінту жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсетпек болған қаруланған топ ұсталды

Фото: Ашық дереккөз

Тінту барысында заңсыз айналымнан атыс қарулары, оның ішінде сәйкестендіру нөмірлері жойылған тапаншалар мен Калашников автоматы, сондай-ақ әртүрлі калибрлі 500-ге жуық оқ-дәрі тәркіленді.

Жедел деректерге сәйкес, қылмыскерлер аталған қару-жарақты кәсіпкерлерге қысым көрсету мақсатында қолданбақ болған. Құқық қорғау органдарының дер кезінде жүргізген шаралары ауыр салдардың алдын алуға мүмкіндік берді.

Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 580 қару тәркіленді

Министрлік бұл бағыттағы жұмыстың жалғасатынын атап өтті. Ведомствоның мәліметінше, «Заң мен тәртіп» қағидаты қатаң сақталып, қоғамдық тұрақтылыққа қауіп төндіретін кез келген әрекеттер заң аясында тоқтатылады.

Соңғы жаңалықтар