
Зертханалық сынамалар 10 науқастан коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты, ал Қазалыдағы 1 жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан келуіне байланысты алынды.
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды.
Қазіргі таңда ауру жұқтырғандардың барлығы
бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді
11.04.2020 жылғы жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 116 адам анықталды.