
Отырыста ведомствоның Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Әділет Тойбаев 2020 жылғы ҰБТ-ға енгізілген өзгерістерге тоқталды.
– Тестілеудің форматы өзгермейді. Оқуға түсушінің білімі бұрынғыдай бейінді және міндетті пәндер негізінде, сондай-ақ бұған дейінгі шкала бойынша бағаланады. Шекті балл жинай алмаған және бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін ақылы бөлімге қабылданған тұлғалар ҰБТ-ны бір жылдың ішінде тапсырады. ҰБТ-дағы тағы бір өзгеріс сертификатпен байланысты. Маусым айында өтетін тестілеудің қорытындысында бұрынғыдай қағаз түріндегі сертификат емес, электрондық сертификат беріледі, – деді Ә.Тойбаев.
Айта кетейік, маусым айында өтетін негізгі ҰБТ-ға өтінімдер 10 мамырға дейін қабылданады. Өтінішті қалай беруге болатынын бұған дейін толығырақ жазғанбыз.