
Министрлік хабарлағандай, мұғалім жалақысына үстемеақы алып отырған қосымша міндеттері болса, онда бірқатар құжаттарды толтыруы тиіс. Айталық, мұғалім сынып жетекшісі болса, оқу жылының басында тәрбие жұмысының жоспарын әзірлеп, өткізілген ата-аналар жиналысы бойынша электрондық форматта хаттама мен оқушылардың табельдерін толтырады және қажеттілігіне қарай олардың жеке істерін жаңартып отырады. Сондай-ақ педагог жас маманның тәлімгері болып, сол үшін 17 мың теңгеге жуық үстемеақы алса, онда жас әріптесімен бірлесіп атқарған жұмысы бойынша әдістемелік құжат толтырады.