Қоғам • 15 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтанның денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру жұмысы жалғасуда

607 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

10 мыңға жуық медицина қызметкері медициналық ақпараттық жүйелерде жұмыс істеуді үйреніп, компьютерлік сауаттылығын арттырды.  1 млн медициналық құжат цифрландырылды, соның арқасында әр тұрғынның электронды денсаулық паспорты бар. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Нұр-Сұлтанның денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру жұмысы жалғасуда

«Халықтың денсаулық сақтау саласындағы цифрлық сауаттылығын арттыру үшін барлық  емханаларда ақпараттық жүйенің мобильді қосымшасында жұмыс істеуді үйрететін цифрлық бекеттер құрылды. Онда тұрғындар дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу немесе оны үйге шақыру, зертханалық зерттеулердің нәтижесімен танысуды үйренді», - делінген қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының хабарламасында.

Бұдан бөлек, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі алғаш рет «Астана – адалдық алаңы» жобасымен бірлесіп, денсаулық сақтау ұйымдары берген анықтамалардың заңдылығын тексеретін ақпараттық сервис әзірленді. Берілген әр медициналық анықтамаға QR-код енгізілген, оны сканерлеу арқылы құжаттың түпнұсқалығын тексеруге болады.

Халықпен кері байланыс орнату үшін «Смарт Астана» мобильді қосымшасы арқылы онлайн-режимде науқастардың көрсетілген қызметке қанағаттану деңгейін бақылауға мүмкіндік беретін ақпараттық сервис жасалды. Елорданың барлық медицина мекемелеріндегі дәрігерлердің есіктерінде QR-коды бар арнайы тақтайша бар. Кодты сканерлеп, дәрігердің этикасы бойынша пікір қалдыруға болады. Бұл шаралар халықпен кері байланысты жақсартып, қызмет көрсету сапасын арттырады.

«Медицина ұйымдарының техникалық дайындығы: 100% компьютер техникасымен жабдықталып, интернет желісіне қосылған. Нұр-Сұлтанның 93 медициналық ұйымының барлығы Кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек пен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында медициналық көмек көрсету туралы келісім жасап, ҚР ДСМ мен «Сақтандыру»  ақпараттық жүйесімен  100% интеграцияланды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25