Қазақстан • 23 Мамыр, 2020

Қазақстан-Түркия арасындағы әуе рейстері маусым айының үшінші онкүндігінде ашылуы мүмкін

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрі Әділ Қараисмаилоғлымен телефонмен сөйлесті. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан-Түркия арасындағы әуе рейстері маусым айының үшінші онкүндігінде ашылуы мүмкін

Тараптар екі елдің көлік саласындағы ынтымақтастығының ағымдағы жылғы І тоқсандағы қорытындысын шығарды. Теміржол көлігімен тасымал көлемі  өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10% артып, 239 мың тонна құраған. Автомобиль көлігі саласында 42% өсім болып, 65,2 тоннаны құрады. Транскаспий Халықаралық Көлік Бағытымен транзиттік тасымалдау көлемі 2 есеге ұлғайып, 7,4 мың контейнерге жетті.

Сонымен қатар, Министрлер екі елде де эпидемиологиялық жақсарған жағдайда барлық санитарлық талаптарды сақтап және жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасай отырып, ағымдағы жылдың маусым айының үшінші онкүндігінде әуе рейстерін қайта жандандыру мүмкіндіктерін талқылады.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше