
Естеріңізге сала кетейік, жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус пандемиясының ел экономикасына тигізетін жағымсыз салдарын жоюға байланысты тапсырмасы бойынша қолға алынған. Шағын және орта бизнесті, төтенше жағдайдан зардап шеккен жеке кәсіпкерлерді қолдау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 600 миллиард теңге бөлді. Бағдарламаны Қазақстанның орнықтылық қоры Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және елдегі ірі 12 банпен бірлесіп жүзеге асырып отыр.