
«Біз алғашқы кезеңде келушілері 30 адамнан аспайтын дәмханалардың жұмыс істеуіне рұқсат бердік. Ал екінші кезекте 50 адамға дейінгі кафелер жұмысын қайта бастады. Бірақ бұл ұжымдық мерекелер өткізуге болады деген сөз емес. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайда ешқандай мерекелік отырыстар жасауға болмайды», - деді Айжан Есмағамбетова.