
Оның сөзіне қарағанда, осы екі компанияның қызметін орталықтан басқаруды «ҚазМұнайГаз»-ға жүктеу өз жемісін бергенін жеткізді. Қазіргі таңда екі компания да өзіне жүктелген міндетті орындап, дербес жұмыс істеуге әбден төселді.
«Осыған байланысты, «ҚазТранГаз» компаниясын «Самұрық Қазына» меншігіне беруді ұсынамын. Бұл қадам басқару деңгейлерін азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» IPO-ға шыққанда инфрақұрылымдық жобаларды мемлекетке қалдырады. Үшінші, «ҚазМұнайГаз»-дың мұнай мен газды барлау, қазу және қайта өңдеуге, сондай-ақ мұнайгаз химиясы бойынша жүктелген міндеттерге назар аударуға жағдай жасайды», деді А.Айдарбаев.