
«Авиация индустриясы бұрын-соңды болмаған жағдайды бастан кешіп жатыр. Барлығы күрделі жағдайда. Бірақ біздің жолымыз болды. Қаржылық ағынымызды кідіртуге және ұстап тұруға мүмкіндік туды. Күрделі дағдарыстық кезеңге қарамастан, жаға бағыттар да ашылып жатыр. Қазіргі жағдайда әуе жүк тасымалы сұранысқа ие және Air Astana осы бағытқа бет бұрды. Бастапқыда тек жолаушылар тасымалдайтын компания едік. Қазір жүк тасымалдау мәселелерінің егжей-тегжейін қарастырып жатырмыз. Бүгінде Қытайға және Еуропа елдеріне бағытталған 32 чартеріміз бар. Жүкті де, жолаушыны да тасымалдауы үшін кейбір Боинг-767 ұшақтарымызды өзгертіп жатырмыз. Air Astana жүк тасымалдары үшін бөлек дивизион орнатып жатырмыз. Жақында 2 Боинг-767 жүк тасымалдары үшін қайта құрастырылады. Бұл – біздің дағдарысқа қарсы әрекет ету шараларымыз», деді Air Astana компаниясының басшысы Питер Фостер.