Қоғам • 05 Маусым, 2020

Онлайн сөйлесудің мәдениеті

743 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазақстанның 100 жаңа есім» республикалық жобасының жеңімпазы Нұржан Жолдыбалинов «Қашықтық сервис қызметімен жұмыс кезіндегі бастапқы дағдылар және мінез-құлық мәдениеті» атты тікелей эфирде шеберлік дәрісін өткізді.

Онлайн сөйлесудің мәдениеті

Қазіргі таңда  бұл өзекті тақырып болып келеді. Себебі, жүздеген адамдарға арналған онлайн конференциялар әлемнің кез келген нүктесінде жұмыс істеуде.

Іс жүзіндегі бейнеқоңыраулар біз ойлағандай идеалды емес. Сол себепті азаматтарға ыңғайлы болу үшін бейнеқоңырау шалудың қарапайым ережелерін білу қажет. Осы тақырып бойынша Нұржан Жолдыбалинов ең нақты 10 жолын көрсетті.

1. Алдымен бірінші кезекте конференция барысында адамның сыртқы келбеті дұрыс болуы керек. Яғни, үстіміздегі киімге,шашқа аса мән беру қажет. 2. Тиісті фонды таңдаңыз. 3. Аты-жөніңізді жазыңыз. Мәселен, онлайн конференция өткізіп жатқан компанияға кірген қатысушының телефон атауы ғана шығып тұрады. Оған тіркелу арқылы аты-жөніңізді өзгертесіз. 4. Профайлға фотосуретті салыңыз. 5. Егер сіз сөйлемесеніз әрдайым дыбысты өшіріңіз. 6. Қалай отырғаныңызды бақылаңыз. 7. Жазбаларды қағазға немесе басқа құрылғыға жазып алыңыз. 8.Егер айтқыңыз келсе қолыңызды көтеріңіз. Қазір көптеген сервистарда, зум секілді приложенияларда өзінің әр түрлі смайликтары бар. Сұрақ қояр кезде қол көтеру батырмасы арқылы қойылуы керек.9. Уақытты қадағалаңыз. 10. Көзді ұстаңыз

Болып жатқан конференцияны тек соған ғана арнау қажет. Себебі, көптеген адамдар  өздері  айтып болғаннан кейін басқа да жұмыстарын істей бастайды. Сонда ол айтып отырған адамға өте қатты әсер етеді. Мені тыңдамай отыр деген ойлар кетеді. Сіз сол конференцияға қатысқанннан кейін, мониторға тік қарап, ешқайда алаңдамауыңыз керек.

Нұржан Жолдыбалинов – ҚР Ұлттық академиялық кітапхана басшысының орынбасары, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, IT технология саласының маманы.