
"Алматыда коронавирус инфекциясының тіркелу қарқыны төмендемей тұрғандықтан, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы кинотеатрлардың жұмысын жаңарту мәселесі қаралған жоқ.
Бүгінгі таңда Алматы қаласында коронавирус инфекциясының 3005 оқиғасы тіркелді. Жұқтырудың негізгі көзі - адамдар көп жиналатын орындар, олардың арасында кинотеатрлар бар", деді Алматы қаласының Бас мемлекеттік
санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.