Аймақтар • 15 Шілде, 2020

Атырауға 3 тонна дәрі-дәрмек жеткізілді

1 мин
оқу үшін

Бүгін таңда қауіпті індетті емдеуге қажетті 3 тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Оны Алматыдан "Теңізшевройл" компаниясының ұшағы жеткізді. Облыс әкімінің орынбасары Ержан Әбілхановтың мәліметінше, 15 түрлі дәрі-дәрмек дәріханалар желісіне таратылғалы отыр.

Атырауға 3 тонна дәрі-дәрмек жеткізілді

"Президент тапсырмасымен аймақтағы дәріханалар желісін қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бүгін таңда арнайы жүк ұшағымен үлкен көлемде дәрі жеткізілді. Атырау облысы әкімінің міндеттеуіне сәйкес, өткен аптадан бері облыс дәріханаларын дәрі-дәрмекпен шұғыл қамтамасыз ету  жұмыстары атқарылып жатыр. Тұрғындар сұранысы толықтай қамтамасыз етілгенше, дәріханаларға дәрі-дәрмек жеткізу жалғаса береді" - деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Ержан Әбілханов.

Алдағы жұмада осындай дәрі-дәрмектің тағы бір партиясын жүк көлігімен жеткізу көзделіпті.

Соңғы жаңалықтар

Уылжыған іңкәр сезім

Тұлға • Бүгін, 08:35

Мұхит баба ізімен

Тағзым • Бүгін, 08:25

Ауылдың ырысы ортаймайды

Ауыл • Бүгін, 08:10

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:50

Табыс тапсаң, «Таудай бол»!

Кәсіпкер • Бүгін, 07:30