Қазақстан • 03 Қыркүйек, 2020

Жауапты хатшылардың орташа жалақысы 685 мың теңгеден басталады

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов алдағы уақытта қысқартуға ұшырайтын жауапты хатшылардың қанша жалақы алатындығын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жауапты хатшылардың орташа жалақысы 685 мың теңгеден басталады

"Жауапты хатшылардың орташа жалақысы бүгінде 685 мың теңгеден басталып, жұмыс өтіліне қарай 815-830 мың теңгеге дейін жетеді", деді ол Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жауапты хатшылардың бұдан арғы тағдырын тікелей министрлер шешеді.

"Басқа министрлікке немесе ведмоствоға жіберу – бұл тікелей бірінші басшының өкілеті. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл мәселеге қатысты нақты ұстанымын, бірінші кезекте жауапкершілік мәселесін айқындап берді. Әрбір министрлікте жауапкершілік министрдің өзіне жүктелуі тиіс. Бүгінде жауапты хатшы институты 15 министрлікте бар және аппарат басшыларының қызметтік міндеті "Мемлекеттік қызмет туралы"заңда нақты жазылған, деді Ералы Тоғжанов.

 

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше