Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2020

Отандық Кардиология институты түрік дәрігерлерімен бірге 70 және 80-дегі екі науқасқа күрделі ота жасады

197 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының мамандары түрік әріптестермен бірге эндоваскулярлық аорталық қақпақшаны импланттау бойынша 70 және 80 жастағы екі пациентке операция жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отандық Кардиология институты түрік дәрігерлерімен бірге 70 және 80-дегі екі науқасқа күрделі ота жасады

Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ұйымдастырған шеберлік класс шеңберінде институттың жетекші кардиологтары мен интервенциялық кардиохирургтары Түркиядан келген доктор, профессор Ертугрыл Окуянмен бірлесіп, жүректің жүре пайда болған кемістігі – аорта қақпақшасының стенозы бар пациенттерге эндоваскулярлық аорталық қақпақшаны импланттау бойынша 2 операция жасады.

Рентгенэндоваскулярлық операция жасау блогының меңгерушісі Алексей Колесниковтың айтуынша, аорта қақпақшасының стенозы қанның сол жақ қарыншадан қалыпты ағуына кедергі болатын аорта қақпақшасы саңылауының тарылуымен сипатталатын күрделі ауру. Алексей Евгеньевич, бұл  патологияға, әдетте, егде жастағы адамдар шалдығады, дейді. Олар үшін бір ғана жол бар, ол – операция жасау. Осындай пациенттердің 30%-дан 40%-ға дейіні жалпы наркозбен, кеуде қуысын ашу, ағзаны жасанды қанайналымға ауыстыру секілді жасалатын әдеттегі операцияны көтере алмайды.  Операциядан кейінгі кезең де ауыр болады. Аорталық қақпақшаны импланттау осындай қауіптердің барлығын азайтады және ол тіпті ашық жүрекке операция жасауға қарсы көрсетілімі бар 75 жастан жоғары ауыр аорталық стенозына шалдыққанадамдарға да келеді.

Сонымен қатар, операция аз инвазивті әдіспен жасалады және оның оң нәтижелерінің пайызы өте жоғары – 95-тен 100-ге дейін. Операция жасалғаннан кейін науқастың күйінің мейлінше жақсарғандығы байқалады. Кеуде қуысындағы ауыру сезімі, талып қалу және демігу секілді белгілер толығымен жойылып кетеді.

Осындай операцияларды жасау пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға, республикада алдыңғы қатарлы медициналық технологиялар мен инновациялардың дамуы мен қолданылуына, кардиохирургияда оперативтік араласулардың техникасын меңгеругежағдай жасап, мамандардың кәсіби біліктілігін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретіндігін айта кеткен жөн.

Аорта қақпақшасын транскатетерлік импланттау (TAVI) – аорта қақпақшасын жасанды биологиялық ауыстыруда барынша зақымы аз инвазивті заманауи тәсіл. Жүрек біраз уақыт қанайналымның бұзылысын теңгерте алады. Алайда ерте ме, кеш пе: стенокардия синдромы, талып қалу, жүректің қатты соғуы, демігу пайда болады. Дәрі-дәрмек арқылы пациенттің жағдайын аздап қана жеңілдетуге болады, бірақ оны түгелімен өзгерту мүмкін емес. Аорта кемістігін емдеудің тиімді тәсілі қақпақшаны протезбен алмастыру болып табылады. Жеткізу жүйесі алынып тасталады, қақпақша өз қызметін бастайды. Операция шамамен 90 минут жасалады.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025