Қоғам • 19 Қыркүйек, 2020

“Алматы ынтымақтастығы” көрмесі дәрігерлерге арналды

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әкімдігі қала күнін мерекелеу аясында пандемия кезінде коронавируспен күресте алдыңғы қатардан көрінген дәрігерлердің еңбегі мен ерлігіне деген алғыс пен құрмет ретінде "Алматы ынтымақтастығы" көрмесін ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

“Алматы ынтымақтастығы” көрмесі дәрігерлерге арналды

Алматылықтар метро станциялары мен LED-экрандардағы билбордтардан ақ халатты батырларды көре алады.

Н

Фотосессияға №29 Қалалық емханасының, Алматы қалалық Жедел Медициналық жәрдем қызметінің, № 1 Қалалық клиникалық ауруханасының, ШЖҚ «Орталық қалалық клиникалық аурухана» МКК, №17 Қалалық емханасының, И.С. Жакенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының және Қалалық Балалар Жұқпалы Аурулар ауруханасының 100-ден астам медицина қызметкерлері қатысты.

П
«Өзімнен және өз әріптестерімнен фотосессияға шақырғаны үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Наурыз айынан бері көрмеген көптеген әріптестерімізді көрдік. Тәжірибе алмасып, бір туғандай әңгімелесе алдық. Көңіл-күйді көтеріп, есіктердің арғы жағында не болып жатқанын ұмытатын осындай іс-шаралар көбірек болса екен», - деп бөлісті «МҚКК» ШЖҚ МКК бас медбикесі 
Гүлмира Абдуллаева.

Көрмеде қиын уақытта азаматтардың денсаулығы үшін күрескендердің бір бөлігі ғана көрінді.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше