
Спорттың әр бағыты бойынша жеке-жеке залы бар, 7000 орынға арналған стадион кәсіби спортшылардың дайындығына ыңғайланып салынған. "Самұрық-Қазына" АҚ Түркістанға тарту еткен стадионның негізі футбол алаңынан, жеңіл атлетикаға арналған жабық аренадан тұрады.
Елбасы, сондай-ақ концерттер, театрландырылған қойылымдар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыруға арналған көпфункционалды мәдени нысанмен танысты. Түркістан облысындағы көпфункционалды жалғыз кешен саналатын Конгресс-холлда отырыс өткізетін зал, 1000 көрерменге арналған концерт зал, 1900 шаршы метр аумақты алып жатқан көрме алаңы бар.
Түркістан облысы