Аймақтар • 20 Қазан, 2020

Шығыста шектеу шаралары енгізілді

924 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының алдын алу үшін шектеу шаралары енгізілді.

Шығыста шектеу шаралары енгізілді

Облыстың бас мемлекеттік сани­та­риялық дәрігерінің орынбасары Гүлайым Тагаева өңірдегі коро­навирус инфекциясы бойынша сани­тариялық-эпидемиялық ахуалды сара­лай келе,  балалар арасында да сырқаттанушылық жағдайларының тіркелуін анықтаған. Соңғы мәлімет бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында 19 жағдай тіркелсе, Шығыс Қазақстан об­лысында 11 адамнан коронавирус ин­фекциясы анықталған.

«Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2020 жылғы 17 қазандағы сағат 00.00-ден бастап 2020 жылғы 31 қазандағы сағат 00.00-ге дейін шаруа­шылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілсін» деп жазылған қаулыда.

Қаулыда көрсетілгендей, шектеу іс-шараларының режімі мен мерзімі облыс аумағында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы да мүмкін.

Енді отбасы мүшелерін қоспағанда, көпшілік демалатын орындарға жеке немесе 3 адамнан аспайтын топпен ғана баруыңыз керек. Сондай-ақ сенбі, жексенбі, мереке күндері жү­ріп-тұруға шектеу қойылды. Яғни ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, митингілерді, көрмелерді, форумдарды, сонымен қатар отбасылық той-томалақты, ас беруді өткізу шектелді.

Ал облыс аудандары мен қалала­ры арасында қалааралық автобус жо­лау­шылар тасымалының жұмыс істеуіне тыйым салынды. Елді мекен­нің ішіндегі қоғамдық көліктерде жүргізушілер, кондукторлар және жолаушылар міндетті түрде маска тағулары қажет. Көлікте маска киюді тасымалдаушылар мен кондукторлар қадағалайды.

Қаулыда көрсетілгендей, жабық базарлардың жұмысы сағат 17.00-ге дейін болса, ашық жерлердегі базарлар 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Медициналық орталықтар, стома­то­логиялар, автожуу орындары, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу стансалары, тұр­мыстық техниканы жөндеу орындары және халыққа қызмет көрсететін басқа да мекемелер санитарлық талаптарды сақтай отырып қызметтерін жал­ғастыра береді. Жұмыстарын жуық­та ғана бастаған театрлар да жабылмайды. Тек келушілер 50 адамнан аспауы керек. Оның өзінде шахмат тәр­тібімен ара қашықтықты сақтап отырады.

Алда-жалда респираторлық ин­фек­цияның алғашқы белгілері пайда болса, медициналық ұйымға бармай-ақ, жедел медициналық көмекті үйге шақырғаныңыз абзал.

Ескерте кетерлігі, облыстың бас мем­­лекет­тік санитарлық дәрігері­нің қаулысы аясындағы шектеулер­дің барлығы құзырлы органдардың қа­дағалауында болады. Егер сани­тар­лық талаптар бұзылса, шара қол­данылады.

Шығыстағы шектеу шараларына қатысты толық мәліметті www.gov.kz сайты арқылы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің парақшасынан көруге болады.

 

Шығыс Қазақстан облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше