Аймақтар • 02 Қараша, 2020

Алматыда 660-тан астам иесіз электр желісі қала теңгеріміне берілді

670 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаланың Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Рүстем Әлиев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың иесіз желілерді қала балансына беру тапсырмасы қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы айтты, - деп жазады Egemen.kz

Алматыда 660-тан астам иесіз электр желісі қала теңгеріміне берілді

Осы мақсатта биылғы жылы "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ-да электр желілері мен жабдықтарының 117 нысанын беру рәсімі жүргізілді. 2019 жылы "АЖК" АҚ-на электр желілері мен жабдықтарының 544 нысаны тапсырылды. Барлығы екі жылда 661 нысан тапсырылды.

"Бұл шаралар қала тұрғындарына сапалы коммуналдық қызметтерді алуға, тарифтердің төмендеуіне және жалпықалалық тарифтермен теңестірілуіне алып келеді", - деп атап өтті өз кезегінде Р. Әлиев.

Сонымен қатар, иесіз желілерді қала балансына беру коммуналдық қызметтерге төтенше жағдайларда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді, өйткені олар тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріндегі коммуналдық апаттардың басты себептерінің бірі болып табылады.

Инженерлік желілерді иесіз деп тану рәсімі ҚР Азаматтық кодексінің 242-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Атап айтқанда, аудандық әкімдіктер тұрғындардың өтініштерін жинайды, энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасы мен коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен бірлесіп, қайталануды болдырмау мақсатында иесіз объектілердің тізбесі дайындалады. Бұдан әрі иесіз объектілердің тізбесі мемлекеттік активтер Басқармасына жіберіледі, басқарма өз кезегінде объектілерді иесіз деп тану рәсімін бастайды.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025