
Жарыс қорытындысы бойынша, Фарофонова төртінші орын иеленді. Ол жасөспірімдер санатында сынға түскен болатын. Екі бағдарлама қорытындысы бойынша, қазақстандық спортшы 115,74 ұпай жинады. Турнирде Беларусь өкілі Варвара Кисель топ жарды. Екінші және үшінші орынды оның отандастары Милана Рамашова мен Лизавета Балоникова иеленген.