Қоғам • 13 Қараша, 2020

Алматы дәрігерлері өкпе-жүрегі пышақталған адамды аман алып қалды

217 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жедел жәрдем бригадасы кеуде тұсынан пышақталып, жүрегі мен өкпесі зақымдалған науқасты Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына (ЖШККА) қабылдау бөліміне жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы дәрігерлері өкпе-жүрегі пышақталған адамды аман алып қалды

Қазіргі уақытта жүрек жарақаттары сирек кездеседі әрі өлімнің 70-80%-ға дейінгі жоғары деңгейіне әкеледі. Алматы тұрғынының айтуынша, жанжал барысында танысы оған пышақ сұққылаған. Оны өте ауыр жағдайда, жүрек аймағында көп қан кетіп, тыныс алуы қиындаған, АҚ төмен және тахикардиямен жеткізді.

- Мұндай жағдайда науқасқа жедел көмек көрсету өте маңызды. Әрбір минут санаулы, - дейді Онласын Ибекенов, ЖШККА бас дәрігерінің хирургия жөніндегі орынбасары. - Ер адам бірден ота бөлмесіне жеткізілді. Шокқа қарсы шаралар аясында хирургтар тобы торакотомия отасын жасады, яғни кеуде қуысын ашу арқылы хирургиялық араласу, сол жақ өкпенің жаралары мен жүрек жарасын тігу, қан кетуді тоқтату және плевра қуысын ағызуды іске асырды.

Науқас төрт литрге жуық қан жоғалтты. Ота кезінде пациент 11 доза қан мен плазманы қабылдады.

"Соңғы жылдары пышақ жарақаттарымен түскен науқастар саны азайды. Бұл қаладағы қылмыстық ахуалдың жақсаруына байланысты. 90-жылдары, 2000-жылдардың басында пышақ не мылтық жарақаттары болмаған кезекшілік сирек кездесетін. Мереке және демалыс күндері мұндай жарақаттармен бірнеше науқас жеткізілетін", - деп атап өтті Онласын Ибекенов.

Бір жарым сағаттық ота хирург, реаниматолог және оталық бөлім медициналық қызметкерлерінің үйлесімді жұмысы нәтижесінде пациент 10-шы күні ауруханадан қанағаттанарлық жағдайда шығарылды.

Аурухана дәрігерлері Алматы жедел жәрдем науқастарына көмек көрсетуді жалғастырып келеді. Адамдарды құтқару - олардың кәсібі. Ауруханада күніне 35-ке жуық әр түрлі ота жасалады.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025