Елорда • 24 Желтоқсан, 2020

Қызын жалаңаш күйде далаға қуған әйел қалай жазаланады?

1090 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада 35 жастағы әйелдің ісі қаралуда, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызын жалаңаш күйде далаға қуған әйел қалай жазаланады?

«23 желтоқсанда сағат 21.20 шамасында полицияға елорда тұрғындарының бірінен хабарлама түсті. Ол өзінің көршісі 6 жастағы ұлы мен 8 жастағы қызын сабап, сыртқа қуып жібергенін айтқан», делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері осы оқиғаға қатысты 35 жастағы әйелден жауап алған. Ол осындай амалмен көршілердің кір қыстырғышын рұқсатсыз алып, ойнаған балаларын жазалағанын айтқан.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті аталмыш отбасын арнайы есепке тіркеді. Қазір құқық қорғаушылар істің мән-жайын жан-жақты зерттеуде. Зерттеу қорытындысы бойынша балалардың заңды өкіліне қатысты шешім қабылданады.

 

Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025