Қазір Қазақстанда қолданыстағы 156 жұп жолаушылар пойызының 117-сі қатынауда. Шектеулер коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеуге байланысты қабылданған.
Алайда 2020 жылдың 26 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 5 қаңтар аралығындағы жаңа жылдық кезеңде жолаушыларды тасымалдау үшін 704 қосымша вагон тіркемесі қамтамасыз етіледі.
Осылайша, 30 мыңға жуық жолаушыны қосымша қамту жоспарланып отыр.
Вагондар келесі бағыттар бойынша пойыздарға қосылады:
1) Нұр-Сұлтан – Алматы, Маңғыстау, Атырау, Сарыағаш, Арқалық, Семей, Петропавл және Павлодар;
2) Алматы – Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазған және Орал;
3) Павлодар – Пресногорьковская;
4) Қызылорда – Семей;
5) Ақтөбе – Атырау.
Айта кетейік, тасымалдаушылар сақтық шараларын толық сақтауы қажет.