Аймақтар • 10 Қаңтар, 2021

Атырауда дауыс берушіге шұбат пен бауырсақ ұсынады

664 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласындағы «Сенім» элитарлық мектеп-балабақша кешенінде №7 сайлау учаскесі орналасқан. Учаскелік комиссия төрағасы Айнагүл Ахметованың ақпаратына қарағанда, мұнда 2 691 сайлаушы тіркеліпті, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда дауыс берушіге шұбат пен бауырсақ ұсынады

«Біздің сайлау учаскесінде тіркелген ең қарт сайлаушы Надимулла Ғабдуриннің жасы – 92-де.  Жасының егделігіне байланысты бұл сайлаушының дауыс беруі үшін сайлау жәшігі үйіне жіберілді. Ал таңғы сағат 7.00-де 62 жастағы Кенжебай Дүйсенғалиев алғашқы болып таңдауын жасады. Оған арнайы сыйлық берілді. Сондай-ақ мұндай мүмкіндікке 18 жасқа толып, ең алғаш дауыс берушілер де ие болды» дейді Айнагүл Мақсотқызы.

Аталған сайлау учаскесінде 9  байқаушы дауыс беру барысын бақылап отыр. Оның бірі –халықаралық байқаушы. Учаскеде санитарлық талаптар сақталған. Бір ерекшелігі, мұнда дауыс беруге келген сайлаушыларға шұбат пен бауырсақ ұсынады.

 

Соңғы жаңалықтар

Елімізде бір жылда 795 мың қалдық жиналды

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:20