Сайлау • 11 Қаңтар, 2021

Бірлігімізді бекітетін қадам

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов Парламент Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға дауыс берді.

Бірлігімізді бекітетін қадам

Ерлан Қошанов өз таңдауын Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақ­стан темір жолы» ҰК» АҚ бас ғимаратында орналасқан №110 сайлау учаскесінде жасады. Бұл учаскеде барлығы 2606 аза­мат тіркелген екен.

Сайлаушылар белсен­ді­лі­гінің жоғары екені бірден бай­қа­лып тұрды. Ал аталған сайлау учаскесінде барлық санитарлық талаптар сақталғанын да айта кеткен абзал. Ғимаратқа кіре­берісте арнайы мамандар сай­лау­шылардың дене қызуын өлшеп, тегін бетперде мен қол­ғаптар таратты.

 

Соңғы жаңалықтар

Бұлақ көрсең, көзін аш

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:03

Мал ұрлығы тыйылмай тұр

Қылмыс • Бүгін, 08:55

Қазақ үнінің қазынасы

Мультимедиа • Бүгін, 08:53