
«Мектеп асханасы бойынша мәселе қарастырылып жатыр. Эпидемиологиялық жағдайы қолайлы аймақтағы кейбір өңірлерде мектеп асханаларын ашу бойынша ұсыныстар келіп жатыр. Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайту үшін мектеп асханаларын ашу алгоритмі егжей-тегжейлі қаралады», деді Е. Қиясов.